Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Референдум: сағат 12:00-ге дейін қазақстандықтардың 37,54 пайызы дауыс берді

Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс берушілердің сағат 12:00-дегі алдын ала қатысу көрсеткіші туралы мәлімет берді. Бұл деректерді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі азаматтардың қатысу көрсеткіші мынадай болды:
Абай облысы 41,93 %Ақмола облысы 44,66 %Ақтөбе облысы 45,73 %Алматы облысы 40,41 %Атырау облысы 42,29 %Батыс Қазақстан облысы 36,59 %Жамбыл облысы 35,86 %Жетісу облысы 43,32 %Қарағанды облысы 42,95 %Қостанай облысы 37,10 %Қызылорда облысы 43,18 %Маңғыстау облысы 34,57 %Павлодар облысы 36,57 %Солтүстік Қазақстан облысы 41,64 %Түркістан облысы 44,13 %Ұлытау облысы 36,59 %Шығыс Қазақстан облысы 42,88 %
Астана қаласы 31,23 %Алматы қаласы 14,85 %Шымкент қаласы 42,59 %.

Жалпы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 4 677 595 қазақстандық бюллетень алған, бұл - дауыс берушілер тізіміне енгізілген азаматтардың 37,54 пайызы.
Референдум дауыс беру құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі.

"Азаматтар уақытша болатын орындардағы 106 учаскеде дауыс беру аяқталды", - деді Әсел Жанәбілова.

Жаңа конституция бойынша референдум
Орталық референдум комиссиясында дауыс берудің басталғаны туралы мәлімдеді.
Дауыс беру учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Олар жабылғаннан кейін бюллетеньдер саналады. Кейбір учаскелер (негізінен әскери бөлімдерде) сағат 06:00-де ертерек ашылды. Шетелде дауыс беру Жапония мен Оңтүстік Кореяда жергілікті уақыт бойынша жүргізіліп жатыр.
Референдум бюллетенінде "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болады.
Қазақстан азаматтары "Иә, қабылдаймын" немесе "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс береді.
Дауыс беру құқығына 18 жасқа толған және дауыс берушілер тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтары ие.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus