Қазақстанда 15 градусқа дейін күн жылынады
Казгидромет 14, 15 және 16 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне жылы, құрғақ ауа райын әкеледі, тек елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран, желдің күшеюі күтіледі.
Республика бойынша тұман болжанады.
"Күндіз ауа температурасы батыс пен оңтүстікте 3–15 градус жылыға дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта 2 градус аяздан 5 градус жылыға дейін көтеріледі деп күтіледі", - деді синоптиктер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!