Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Нағыз шығыс медицинасы орталықтарын қалай ажыратуға болады? ДСМ жауабы

Денсаулық сақтау министрлігі "шығыс" немесе "қытай" медицинасы аталатын клиникалардың қайсысы мұндай қызмет көрсетуге құқылы екенін түсіндірді, - деп хабарлайды TengriHealth.
Дәстүрлі медицинамен кім айналыса алады?
Жақында мәжілісте осы мәселеге қатысты депутаттық сауал жолданған болатын. Мәселе қазақстандықтардың лицензиясы жоқ клиникаларға, күмәнді препараттарға, біліктілігі расталмаған дәрігерлер мен санитарлық нормалардың бұзылуына қатысты шағымы көбейгеніне қатысты. Депутаттық сауалда кейбір орталықтар қысқа уақытқа ашылып, кейін атауын немесе мекенжайын өзгертетіні, ал кейде қызметті медициналық білімі расталмаған шетелдіктер көрсететіні айтылған.
Денсаулық сақтау министрлігі сауалға берген жауабында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске сәйкес дәстүрлі медицина халық медицинасының көпғасырлық тәжірибесіне негізделген және медициналық қолдануға рұқсат етілген профилактика, диагностика, емдеу және оңалту әдістері екенін түсіндірді.
Лицензияланатын бағыттарға мыналар жатады:

гомеопатия,
гирудотерапия,
мануалдық терапия,
рефлексотерапия,
фитотерапия.

Қазір Қазақстанда дәстүрлі медицина саласында қызмет көрсету үшін 2543 лицензия берілген. Бұл салада 3239 сертификатталған дәрігер жұмыс істейді.

"Мұндай қызметтерді тек медициналық білімі, дәрігер сертификаты және медициналық қызметке лицензиясы бар мамандар ғана көрсете алады", - делінген министрлік жауабында.

Егер дәрігер шетелде диплом алған болса, ол білімін тану рәсімінен өтіп, аккредиттелген ұйымда кәсіби біліктілігін растауы керек. Осыдан кейін ғана маман сертификат алып, Қазақстанда жұмыс істей алады.
Клиниканы қалай тексеруге болады?
Медициналық ұйымдардың лицензиясы туралы ақпарат қолжетімді. Оны электронды үкімет порталы арқылы және E-license мемлекеттік базасында тексеруге болады. Кейбір жағдайда мұны лицензия туралы деректерге апаратын QR-код арқылы да жасауға болады.
Сондай-ақ құжатта Қазақстан заңнамасында мыналарға тыйым салынғаны айтылған:

лицензиясыз медициналық қызметті жарнамалау;
сертификаты жоқ мамандардың медициналық қызметін жарнамалау;
тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен профилактикалық құралдарды насихаттау.

Заңсыз медициналық немесе кәсіпкерлік қызмет үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Қандай өзгеріс дайындалып жатыр?
Денсаулық сақтау министрлігі үкімет қаулысының жобасы - 2026–2030 жылдарға арналған медициналық көмек сапасын жетілдіру жөніндегі кешенді жоспар дайындалғанын хабарлады.
Онда бірқатар маңызды өзгеріс қарастырылған.
2026 жылдың сәуірінен бастап "СУР 2.0" жаңартылған ақпараттық жүйесін іске қосу жоспарланып отыр, ол медициналық қызмет сапасына профилактикалық бақылау жүргізіп, лицензия берілгеннен кейін цифрлық мониторинг жасауға мүмкіндік береді.
Оны Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы базасында ашу жоспарланып отыр. Институт талдау, әдістеме және медицина сапасының халықаралық стандарттарын енгізумен айналысады.
Лицензияның бес жылдық мерзімі
Қазір медициналық ұйымдардың лицензиясы мерзімсіз. Билік оларды бес жылға беру енгізуді ұсынып отыр, бұл клиникалардың жабдық пен кадрлар бойынша талаптарға сәйкестігін тұрақты тексеруге мүмкіндік береді.
Бұған дейін, Денсаулық сақтау министрлігі жүздеген клиника мен процедуралық кабинеттер лицензиясыз, дайындалмаған персоналмен және емдеу стандарттарын бұза отырып жұмыс істегенін хабарлаған болатын. 2025 жылы жүргізілген ауқымды тексеріс нәтижесінде шамамен 400 медициналық ұйым жабылып, ондаған миллион теңге айыппұл салынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus