Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Атырау облысында жоғалған отбасы: інісі мен әпкесі жерленді

11 наурызда Атырау облысында ұзақ іздеу жұмыстарынан кейін мәйіттері табылған Наурыз және Мирамгүл Мұқанғалиевтерді жерлеу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Марқұмдардың жаназасы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында өтті. Бұл туралы редакцияға аты-жөнін көрсетпеуді сұраған дереккөз хабарлады. Жерлеу рәсіміне ауыл тұрғындарының басым бөлігі барған.

Туыстары редакция тілшісіне әзірге пікір беруге дайын емес екенін айтып, бұл бүкіл отбасы үшін үлкен қайғы екенін жеткізді.

Наурыз бен Мейрамгүл өлі табылды

9 наурыз кешке Атырау маңындағы Геолог шағын ауданынан Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіті табылғаны белгілі болды. Оларды басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев бұрын жалға алған үйдің ауласынан тапқан.

"Ақ Жайық" басылымы мәліметінше, ер адам Индонезиядан Алматыға жеткізілгеннен кейін кісі өлтіргенін мойындап, мәйіттердің жерленген орнын көрсеткен. Бұған дейін тергеуде тек ата-анасының өлтірілгені туралы дерек болған – олардың мәйіттері қаңтарда Жангелдин ауылындағы сарайдың еденінің астынан табылған.

Отбасы туралы не белгілі?

66 жастағы Мақсот Қарабалин мен 64 жастағы жұбайы Атырау облысының Жангелдин ауылында тұрған. Туыстарының айтуынша, ерлі-зайыптының үшінші топтағы мүгедектігі болған және мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың үш баласы бар - екі қызы мен бір ұлы.

2025 жылдың 25 желтоқсанында полицияға туыстары отбасы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, жергілікті тұрғын өзінің ағасы, оның жұбайы және екі ересек баласы, яғни 32 жастағы ұлы Наурыз бен 35 жастағы қызы Мейрамгүл қарашадан бері байланысқа шықпай жүргенін айтқан.

Кейін отбасы үйінен шығып кеткені, содан бері олардың қайда екені туралы ешқандай ақпарат болмағаны белгілі болды.

6 қаңтарда полицейлер зейнеткер ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Осыдан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны Сұлтан Сәрсемалиев.

Күдіктіні іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізді.

24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Сондай-ақ, марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus