Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Рамазанның соңғы он күні: неге маңызды және қалай өткізу керек?

Рамазан айының соңғы он күндігі басталды. Бұл – мұсылмандар үшін сауапқа кенеліп, қасиетті айдың берекесін молынан алуға мүмкіндік беретін ерекше уақыт. Осы күндерді қалай тиімді өткізуге болады? Толығырақ Massaget.kz материалында.

Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі әрі кешірімі мол қасиетті ай. Бұл уақытта мұсылмандар жақсылық жасап, ізгі амалдарын көбейтуге тырысады. Ораза адамды тақуалыққа тәрбиелейді, ал Рамазан – жүрек пен рухты тазартып, иманды күшейтетін ерекше кезең.

Ғұламалардың айтуынша, Рамазанның алғашқы он күні – мейірім, екінші он күні – кешірім, соңғы он күні – тозақ отынан азаттық. Сондықтан Рамазанның соңғы он күні ерекше маңызды.

Қасиетті Құран дәл осы айда, Қадір түнінде түсірілген. Ал Қадір түні Рамазанның соңғы он күнінің бірінде жасырылған. Құранда:
«Қадір түні мың айдан қайырлы» («Қадір» сүресі, 3-аят) делінген. Яғни бұл түнде жасалған құлшылық 83 жылдан астам уақыт жасалған ғибадаттың сауабына тең.

Қадір түні, Ораза айт мерекесі қашан?

ҚМДБ мәліметінше, 17 наурызға қараған түн — қасиетті Қадір түні, ал 20 наурыз — Ораза айт мерекес

Қадір түні қандай түн?

Қадір түні араб тілінде Ляйлятуль-Кадр немесе Аль-Кадр деп айтылады. Мағынасы «қасиетті, қадірлі, құдіретті, маңызды түн» дегенді білдіреді. Қадір түнінде Мұхаммед пайғамбарға Жәбірейіл періште келіп, Құранды берген деп саналады. Бұл Рамазан айының аяғы, яғни он түнінің бірі болған. Ораза айында мың айдан да қадірлі түн бар екені айтылады. Бұл түн Қадір түніне сәйкес келеді. Қадір түні туралы Құран Кәрімнің «Қадір сүресінде» де айтылған.

Құранда Қадір түні оразаның соңғы он түнінің бірінде екені айтылған, бірақ нақты күні айтылмаған. Бұл түні періштелер жерге түсіп, береке орнайды деп саналады. Періштелердің жерге түсуі Қадір түні маңызды екенін көрсетеді.

Қадір түнінде не істеу керек?

Қадір түні басталғанға дейін толық дәрет алған жөн, сонымен қатар, теріс ойлардан жаны мен жүрегін аулақ ұстаған дұрыс. Осы түнде жасаған күнәлар үшін кешірім сұрап, өкініп, көп дұға еткен жөн.

Құлшылық жасап, сауапқа кенелетін ең ұтымды уақыт — Қадір түні. Сонымен қатар, Құран оқып, мағынасын түсініп, діни білім алған абзал екені айтылады.

Қадір түнінде не істемеу керек?

  • Зиян нәрселерден аулақ болған жөн.
  • Дінде рұқсат етілмеген нәрселерді істеуге болмайды. Мысалы, ішімдік ішуге болмайды.
  • Біреудің сыртынан ғайбат айтуға, бос әңгімеге үйір болуға болмайды.
  • Түнде ұйықтамаған абзал, оның орнына құлшылық еткен жөн.
  • Ұрысуға, біреу туралы жаман нәрсе айтуға болмайды.
  • Фильмдер мен ойын-сауық бағдарламаларын көріп, уақытты бос өткізуге болмайды.

Сообщение Рамазанның соңғы он күні: неге маңызды және қалай өткізу керек? появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus