Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Вьетнамда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды

Вьетнамда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды. Бұл туралы оның туған әпкесі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әпкесінің айтуынша, қазіргі уақытта Әсем полиция бөлімшесінде.

"Ол тірі, бірақ жағдайы алаңдатып тұр. Қазір тергеу жүріп жатқандықтан, толық мәліметті жариялай алмаймыз. Бірақ ең бастысы - ол табылды", - деді әпкесі.

Не болған?
Еске салайық, бұған дейін Вьетнамда Қазақстан азаматы жоғалып кеткені хабарланған болатын. Ол 6 наурыздан кейін байланысқа шықпай қалған.
Жоғалған қыздың әпкесінің айтуынша, 26 жастағы Әсем Қазақстан консулымен кездесу үшін Ханойға ұшуды жоспарлаған. Алайда әуежайдан шамамен 20 шақырым жерде байланысқа шықпай қалған. Туыстарының сөзінше, жоғалар алдында Әсем қатты қорыққан, біреулер аңдып жүргенін айтқан.
Кейін бұл жағдайға Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілі пікір білдірді.

"Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі азаматтың туыстарымен байланыста және Вьетнамның құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Қазір оның орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жағдай ҚР СІМ бақылауында", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus