Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Мадуро Венесуэла тұрғындарына ерекше үндеу жолдады

Венесуэла президенті Николас Мадуро 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай ел тұрғындарына ерекше үндеу жолдады. Айта кетейік, ол АҚШ-тағы түрмеде отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Саясаткердің ұлы Николас Мадуро Герра әкесінің жолдауын әлеуметтік желіде жариялады. Онда Мадуро отандастарын "тауды да қозғай алатын" сенімін жоғалтпауға шақырып, ел барлық қиындықты еңсеретініне уәде берген.

"Иса бізге былай үйреткен: егер сендер сенімге ие болып, күмәнданбасаңдар, тіпті тауға да "көтеріліп, теңізге құла" деп айтсаңдар, солай болады. Бізге кейде жолымызды бөгейтін қиындық тауын қозғап, оларды отанымыз үшін еркін жолға айналдыратын шынайы әрі ортақ сенім бер", - деп әкесінің сөзін Мадуро Герра жеткізді.

Мадуро өзіне тән қолтаңбасын қалдырған. Түрмеден жолданған бұл хат оның АҚШ-та қамауға алынғаннан кейін халыққа жасаған алғашқы үндеулерінің бірі болды.
Еске салайық, 3 қаңтарда АҚШ Боливар Республикасының басшысы Николас Мадуроны ұстау бойынша арнайы операция жүргізген. Елден оның жұбайы Силия Флорес те шығарылды.
5 қаңтарда олар Нью-Йорктегі федералдық сот алдында есірткі саудасына қатысы бар деген айып бойынша жауап берді. Мадуро мен оның жұбайы өз кінәсін мойындамады.
Қазір Венесуэлада мемлекет басшысы міндетін бұрын вице-президент болған Делси Родригес атқарып отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus