Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Танымал қазақстандық боксшының АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті: видео

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеевтің (14-1, 7 КО) Лос-Анджелестегі үйінде өрт шықты. 37 жастағы спортшы оқиға сәтінен түсірілген кадрларды Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Әшкеевтің айтуынша, ол отбасымен бірге достарына қонаққа кетер алдында күйік иісін сезген.
Мадияр гаражды ашқанда, үйдің бір бөлігіне өрт жайылған. Боксшы отбасын дереу сыртқа шығарып үлгерген.
Оқиға орнына келген өртсөндірушілер жалынды тез арада ауыздықтап, өртті сөндірген.












Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Madiyar Ashkeyev (@madiyar.ashkeyev.official)


Қазір спортшының отбасы уақытша достарының үйінде тұрып жатыр. Бірнеше сағаттан кейін Әшкеев қайтадан оқырмандарымен байланысқа шығып, өрттен кейінгі жағдайды көрсетті. Сонымен қатар ол ешкімнің зардап шекпегенін атап өтті.












Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Madiyar Ashkeyev (@madiyar.ashkeyev.official)


Кейбір оқырмандар боксшыға көмек ұсынған, тіпті қаражат жинау ашуға кеңес берген.
Мадияр Әшкеев туралы не белгілі?
Мадияр Әшкеев - Қазақстан чемпионатының және 2014 жылғы Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) қола жүлдегері. Сондай-ақ, Солтүстік Америка бокс федерациясының (NABF) чемпионы және NBA (Ұлттық бокс қауымдастығы) чемпионы атақтарының иегері.
Кәсіпқой рингте Әшкеев 15 жекпе-жектің 14-інде жеңіске жеткен. Кейінгі айқасын ол 2020 жылғы желтоқсанда өткізіп, америкалық Чарльз Конуэллден жеңіліп, USNBC белбеуінен айырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus