Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

АҚШ-та қару-жарақ өндіру көлемі айтарлықтай артады - Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің ең ірі қорғаныс компаниялары қару-жарақ өндірісін көбейтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы АҚШ басшысы 6 наурызда Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. Қорғаныс өнеркәсібі басшыларымен өткен кездесу барысында өндіріс көлемі мен шығару кестелері талқыланған.
Оның айтуынша, жиынға BAE Systems, Boeing, Honeywell Aerospace, L3Harris Missile Solutions, Lockheed Martin, Northrop Grumman және Raytheon компанияларының бас директорлары қатысқан.

"Олар "эксклюзив санаттағы" деп аталатын қару-жарақ өндірісін төрт есе арттыруға келісті, өйткені біз мүмкіндігінше тезірек барынша көп шығарғымыз келеді", - деп түсіндірді ол.

Ақ үй басшысы өндірісті кеңейту бұл кездесуге дейін үш ай бұрын басталғанын атап өтті. Осы қару түрінің көпшілігі зауыттарда шығарылып жатыр. Елдің әр штатында жаңа кәсіпорындарды орналастыру үшін бәсеке күшейген.

"Мысалы, Иранда қолданатын, ал жуырда Венесуэлада да пайдаланған орта және жоғары орта санаттағы оқ-дәрілердің қоры шексіз. Соған қарамастан, біз осы санаттардағы оқ-дәрілерге тапсырысты да көбейттік", - деді ол.

Трамптың айтуынша, осы кездесудің қорытындысы бойынша тағы бір жиын жоспарланған, ол екі айдан кейін өтеді.
Бұған дейін бірнеше сағат бұрын АҚШ президенті Иранмен қандай да бір келісім тек оның "сөзсіз тізе бүгуі" жағдайында мүмкін болатынын айтқан еді. Одан кейін Вашингтон одақтастарымен бірге Тегеранды экономикалық тұрғыдан бұрынғыдан да қуатты ету бағытында жұмыс істейтінін мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus