Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Щучинскідегі қайғылы оқиға: аман қалғандардың жағдайы туралы не белгілі?

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы Щучинскідегі "Центр плова" дәмханасында болған өрттен зардап шеккендер туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нариман Ермектің айтуынша, барлығы 28 адам зардап шеккен. Оның ішінде екеуі ауыр, тағы екеуі өте ауыр жағдайда жатыр. Олар жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Тағы 4 адам Көкшетаудағы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, 5 адам Астанаға жеткізілген, 8 зардап шегуші амбулаториялық ем қабылдап жатыр.
Бастапқыда өрттен 5 адам қаза тапқан, тағы екеуі ауруханаға жеткізу кезінде көз жұмды. Барлығы жеті адам қайтыс болған.

"Барлық күш жұмылдырылып, көмек көрсетіліп жатыр. Астанадан мамандар - анестезиолог-реаниматологтар, эфферентологтар келді, олар қазір гемофильтрация (қанды тазарту - еск.) процедурасын жүргізіп жатыр. Барлық қажет материал, дәрі-дәрмектер мен препараттар жеткілікті көлемде бар", - деді Нариман Ермек.


Бұған дейін бірнеше науқасты емдеу үшін Астанаға жеткізу мүмкін екені хабарланған еді. Алайда денсаулық сақтау басқармасы өңірден 8 адамды әзірге елордаға тасымалдау мүмкін емес екенін, себебі олардың жағдайы ауыр екенін айтты.
Жалпы, жансақтау бөлімінде жатқан сегіз адамның көпшілігі мекеме қызметкерлері.
Не болған?
Еске салайық, 26 ақпанда кешкі уақытта бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты кафеде "газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шыққан". Сол кезде алты адам қаза тауып, 20-ға жуық адам зардап шеккені хабарланды.
ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына жеткеннен кейін өртсөндірушілер жанып жатқан ғимараттан сегіз газ баллонын алып шығып, 10-нан аса адамды құтқарған. Өрт сөндіріліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатқаны айтылды.
27 ақпанда барлығы 26 адам зардап шеккені, соның ішінде 7 адам қаза тапқаны (оның бірі - 16 жастағы қыз) белгілі болды.
Ақмола облысы ТЖД-де 8 (7162) 514-298 нөмірі бойынша жедел желі ашылды.
Жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus