Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Сауд Арабиясындағы ірі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасалды: видео

Иран Сауд Арабиясы аумағындағы мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасады. Алдын ала мәлімет бойынша, Рас-Таннура аймағындағы Saudi Aramco мемлекеттік мұнай компаниясының нысаны зақымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әлемдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
India Today басылымы Facebook парақшасында ұшқышсыз ұшу аппараты шабуылынан кейін Сауд Арабиясының мемлекеттік мұнай компаниясы Рас-Таннурадағы зауыттың жұмысын уақытша тоқтатқан.

Қазіргі уақытта зауыттағы шығын мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ. БАҚ деректеріне қарағанда, компания қызметкерлері эвакуацияланып жатыр.
Сонымен қатар, Сауд Арабиясының Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі зауытқа таңертең шабуыл жасауға тырысқан екі ұшқышсыз ұшу аппараты ұсталып, жойылғанын хабарлады.

India Today мәліметі бойынша, Парсы шығанағы жағасында орналасқан Рас-Таннура кешені Таяу Шығыстағы ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі саналды. Оның қуаттылығы – тәулігіне 550 мың баррель, сондай-ақ ол сауд мұнайының маңызды экспорттық терминалы болып саналады.
Saudi Aramco компаниясының Рас-Таннурадағы объектілеріне жасалған шабуыл стратегиялық мәнге ие – бұл тек Эр-Рияд үшін емес, сонымен қатар әлемдік энергетикалық нарық үшін де маңызды.
Еске салсақ, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастаған болатын. 1 наурызда Иран жоғарғы басшысы Әли Хаменеи қайтыс болғанын жариялады. Бұған дейін Ормуз бұғазындағы танкерлерге жасалған соққылар мен Иранмен шиеленістен кейін мұнай бағалары күрт көтерілгені хабарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus