Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Иран жоғарғы көшбасшысының өлімін растады: елде аза тұту жарияланды

Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің операциясы салдарынан қаза тапты. Бұл ақпаратты Иранның Tasnim, IRNA, ISNA, Mehr және Fars мемлекеттік агенттіктері растады. Елде аза тұту жарияланып, демалыс күндері белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ирандық БАҚ мәліметінше, Ислам революциясының жоғарғы көшбасшысы өзінің жұмыс орнында көз жұмған.

"Ол шәһид болған сәтте өзіне жүктелген міндеттерін атқарып, жұмыс орнында отырған. Бұл қорқақтардың шабуылы сенбіді таңсәріде жасалды", - деп хабарлайды Tasnim агенттігі.

"Сионистік режимге байланысты аймақтағы кейбір ақпарат құралдары революция жетекшісі өлім қаупінен қорқып, қауіпсіз жерде жасырынып жүр деп бірнеше рет хабарлаған", - деп жазған ирандық БАҚ.
Ел үкіметі бүкілхалықтық 40 күндік аза тұту мен 7 күндік жалпыхалықтық демалыс жариялады.

"Жақын арада Иран Ислам Республикасының қарулы күштері тарихындағы ең жойқын шабуыл операциясы басталуға тиіс. Ол басып алынған аумақтар мен АҚШ базаларына бағытталады", - деп мәлімдеді Ислам революциясы сақшылары корпусы.

Аятолланың қазасы туралы бұған дейін Израиль шенеуніктері мәлімдеген, кейін АҚШ президенті Дональд Трамп оның қаза тапқанын жариялаған еді, алайда Иран билігі мұны жоққа шығарған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus