Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ирандағы қазақстандықтар Әзербайжан, Армения, Түркия және Түрікменстан арқылы шығарылмақ

Иранның әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты, сол елде жүрген қазақстандықтардан елден құрлықтағы шекаралар арқылы шығу мәселесін пысықтау үшін Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен байланысу сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты отандастарымыздан мынадай ұсынымдарды қатаң сақтау сұралды:

адам көп жиналатын орындарға барудан және бұқаралық іс-шараларға қатысудан бас тарту;
жергілікті билік органдары мен ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын тұрақты түрде қадағалау;
қажетсіз сапарларды шектеу;
жеке құжаттарды әрдайым өзіңізбен бірге алып жүру;
туындауы мүмкін төтенше жағдайларға дайын болу;
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста болу.

Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтары үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желілерін іске қосты.
Қазақстан Республикасының Тегеран қаласындағы Елшілігі:Елшіліктің кезекші телефоны: +98 21 2256 5933Мобильді телефон / WhatsApp: +98 936 208 4672
Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы Бас консулдығы:+98 912 298 0350 (ұялы телефон);+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);+7 701 771 34 01 (WhatsApp).
Қазақстан Республикасының Бендер-Аббас қаласындағы Консулдығы:+98 930 298 57 03 (ұялы телефон, WhatsApp).
Бұл байланыс арналары арқылы азаматтар консулдық көмекке жүгініп, өздерінің орналасқан жері мен жағдайы туралы хабарлай алады.

"Өз қауіпсіздігіңізге жауапкершілікпен қарап, сабыр сақтауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз", - деп үндеу жасады елшілік өкілдері.

Сондай-ақ Иран Ислам Республикасының әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты Иран аумағынан шығу мәселесін Иран–Әзербайжан, Иран–Армения, Иран–Түркия және Иран–Түрікменстан арасындағы құрлық шекаралары арқылы пысықтау мақсатында жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен байланысқа шығу сұралды.
Әңгіме төрт бағыт туралы болып отыр: Иран–Әзербайжан, Иран–Армения, Иран–Түркия және Иран–Түрікменстан.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазір Иран аумағында 96 қазақстандық жүр. Олардың 18-і - дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, 2-еуі - студент, 70 адам - "Заркух" зауытының қызметкерлері. Тағы 6 Қазақстан азаматы Иранда жеке шаруаларымен жүр. Олардың арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
27 ақпанда, Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Ираннан кетуге кеңес берген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus