Щучинсктегі жарылыс: қылмыстық іс қозғалды
Щучинскте "Центр плова" кафесінде болған жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Өрт дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, 28 адам зардап шеккен, оның ішінде 13-і ауруханаға жатқызылды, сегізі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген. Жеті адам қаза тапты.
Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Олардың жағдайы медицина қызметтерінің бақылауында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!