Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда 51 жыл бұрын тіркелген температура рекорды жаңарды

2026 жылғы қаңтарда Қазақстанда жаңа температуралық максимумдар тіркелді, оның ішінде 51 жыл бойы сақталған рекорд жаңарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазгидромет синоптиктерінің айтуынша, қаңтардың алғашқы онкүндігі бүкіл ел аумағында, ал екінші онкүндіктің басы оңтүстікте жоғары температуралық фон байқалған. Орта Азия аймақтарынан жылы ауа массалары ығысып, бірқатар өңірде тарихи максимумдар жаңаған.

11 қаңтарда Қарағандыда ауа температурасы +5,5 градусқа жетті. Бұл көрсеткіш 2016 жылғы алдыңғы максимумнан 1,5 градусқа жоғары.

Шымкентте термометр бағандары +17,4 градусқа дейін көтеріліп, 1987 жылғы рекордтан (+17,3 градус) асты. Таразда +19,3 градус тіркелді - бұл 1999 жылғы бұрынғы максимумнан (+14,2 градус) айтарлықтай жоғары.

12 қаңтарда Ақтауда ауа +13,4 градусқа дейін жылып, 2025 жылғы рекордтан (+9,7 градус) асты. Қарағандыда осы күні +1,2 градус тіркеліп, 1975 жылғы көрсеткіштен (+1,0 градус) жоғары болды. Осылайша, 51 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарған.

Семейде температура +1,5 градус болып, 1975 жылғы мәннен (+1,0 градус) жоғары болды. Өскеменде ауа +4,4 градусқа дейін жылып, 1987 жылғы рекордтан (+3,4 градус) асты.

13 қаңтарда Түркістанда +16,8 градус тіркелді, бұл 1986 жылғы максимумнан (+11,3 градус) жоғары.

-42 градусқа дейін аяз

Сонымен қатар, елдің солтүстік жартысында Жаңа Жер аудандарынан суық ауа массалары келіп, температура күрт төмендеді. Түнде термометр бағандары -30…-38 градусқа дейін түсті. Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында аяз -40 градусқа жетті. Марқакөл метеостанциясында -42,6 градус тіркелді.

Астанадағы жағдай

Астанада қаңтардағы орташа температура -14,3 градус болды, норма бойынша -14,5 градус. Ең жоғары көрсеткіші 11 қаңтарда тіркелген - +1,6 градус. 17 қаңтарда ауа температурасы -28,3 градусқа дейін төмендеген, бұл ең төмен көрсеткіш болды.

Ай ішінде 23 миллиметр жауын-шашын түскен, бұл норманың 128 пайызына (18 миллиметр) тең.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus