Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Атырауда мектептегі жанжалдан кейін жоғалып кеткен оқушы табылды

Атырауда жоғалып кеткен 15 жастағы оқушы табылды. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық Полиция департаменті қыздың аман-есен табылғанын хабарлады.

"24 ақпанда кешке Атырау тұрғыны полицияға хабарласып, 15 жастағы қызы бірнеше сағат бұрын үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан. Осы дерек бойынша полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде оқушы қыздың жүрген жері анықталды", - деп хабарлады Атырау облысы ПД.

Кәмелетке толмаған қыз ата-анасына тапсырылған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Не болған?
Еске салайық, бұған дейін Атырауда 15 жастағы оқушы Інжумаржан Қуанышқызына іздеу жарияланғаны хабарланды. Оқушының анасы Ғалия Тұяққалиева оқу жылының басында қызын жаңа мектепке ауыстырғанын айтқан. Кейін оқушы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары арасында түсініспеушілік туындап, анасының сөзінше, сыныпта оған қарсы түсініктеме жинала бастаған. Әйел бұл жағдай бойынша e-Otinish порталына шағым жолдаған.
Әйелдің айтуынша, 19 ақпанда оған мектептен қоңырау шалған, алайда жұмыста болғандықтан бірден жауап бере алмаған. Келесі күні мектепке барған кезде оған оқушылардың түсініктемелері көрсетіліп, қызының құжаттарын алуы қажет екені айтылған.
Осыдан соң қыз үйіне барған, бірақ біраз уақыттан кейін қайтадан пәтерден шығып кетіп, қайтып келмеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus