Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін енді онлайн ауыстыруға болады

Қазақстандықтар сәуір айынан бастап жүргізуші куәлігін оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін де eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыра алады, деп хабарлайды ЖИ және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін қызмет тек қолданыстағы құжат болған жағдайда, сондай-ақ оны жоғалуы, ұрлануы немесе тегі, аты-жөнін өзгерткен кезде ғана онлайн форматта көрсетілетін. Енді ол құжат мерзімі өткен жағдайларды да қамтиды.

— Жаңашылдық жүргізуші куәлігінің барлық санатына қолданылады. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін куәлікті ауыстыру кезінде көлік құралын басқаруға рұқсат алу үшін міндетті түрде медициналық тексеруден өту қажет. Медициналық тексеруден өткен пайдаланушылардың мәліметтері өтінім беру сәтінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі. Ал егер пайдаланушы куәлікті мерзімі аяқталғанға дейін алдын ала ауыстырса, медициналық тексеруден өту талап етілмейді. Қызмет көрсету мерзімі — 60 минут, — дейді мамандар.

eGov.kz порталы арқылы қызметті алу үшін:

— порталға кіріп, «Азаматтарға» — «Көлік және коммуникациялар» — «Автомобиль көлігі» бөліміне өту;

— «Жүргізуші куәлігін алу» қызметін таңдау;

— дайын құжатты алу үшін ХҚКО-ны көрсету және фотосуретті жүктеу (фотоға қойылатын талаптармен танысу);

— қолтаңба үлгісін жүктеу және байланыс телефонын енгізу;

— мемлекеттік баж салығын төлеу (1,25 АЕК). Қайта өтінім берген жағдайда «Бұрын төленген» функциясын пайдалануға болады;

— өтінімді қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растау.

eGov Mobile қосымшасы арқылы қызметті алу үшін:

— қосымшаға кіріп, «eGov Мемлекеттік қызметтер» — «Жүргізу және көлік» бөліміне өту;

— «Жүргізуші куәлігін беру» қызметін таңдау;

— фотоға қойылатын талаптармен танысып, файлды жүктеу;

— қолтаңба үлгісін жүктеу немесе жазып, «Сақтау» батырмасын басу;

— дайын құжатты алу үшін ХҚКО бөлімін таңдап, «Жалғастыру» батырмасын басу;

— мемлекеттік баж салығын төлеу (1,25 АЕК). Қайта өтінім берген жағдайда «Бұрын төленген» функциясын пайдалануға болады;

— өтінімді қолжетімді тәсілдердің бірімен қол қою.

Қызмет нәтижесі eGov.kz порталындағы Жеке кабинеттегі «Хабарламалар» бөлімінде және eGov Mobile қосымшасындағы «Хабарламалар» — «Жеке кабинет тарихы» бөлімінде көрсетіледі. Дайын құжатты рәсімдеу кезінде таңдалған ХҚКО-дан, жеке куәлікті ұсыну арқылы, алуға болады.

— Жақын арада жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметін толықтай онлайн форматқа кезең-кезеңімен көшіру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап өтінімдерді электронды түрде беру тәсіліне басымдық беріледі, бұл ХҚКО-ға барудан бас тартып, ондағы кезектерді азайтуға мүмкіндік береді. Қызметтің онлайн форматта бұрыннан қолжетімді әрі сұранысқа ие екенін ескерсек, бұл қадам процесті цифрландырудың қисынды жалғасы болмақ, — деді Цифрлық даму және жасанды интеллект вице-министрі Ростислав Коняшкин.

Фотосуретті жүктеу кезінде белгіленген талаптарды сақтау маңызды. Сурет форматы сапа параметрлеріне сәйкес болуы тиіс. Толық талаптар тізімімен eGov.kz порталындағы қызмет паспортынан танысуға болады.

Сонымен қатар, бұрын берілген жеке куәліктегі немесе төлқұжаттағы фотосуретті пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда сурет алынатын құжат үш жылдан аспайтын мерзімде берілген болуы тиіс. Егер мерзім үш жылдан асса, жүйе өзекті фотосуретті қолмен жүктеуді ұсынады.

Өтінім беру барысында кейбір жағдайларда пайдаланушы құжатының деректері мемлекеттік ақпараттық жүйелерде цифрландырылмаған болуы мүмкін. Мұндай жағдайда тиісті хабарлама көрсетіледі және деректерді жаңарту үшін ХҚКО-ға жеке жүгіну қажет болуы ықтимал.

Сондай-ақ жүйе берешектердің бар-жоғын автоматты түрде тексереді. Егер жүргізушінің 30 күннен астам уақыт бұрын салынған, төленбеген айыппұлы болса, ол толық өтелгенге дейін куәлікті ауыстыру мүмкін болмайды.

Айта кету керек, жүргізуші куәлігін онлайн беру қызметі іске қосылған сәттен бастап оны 60 000-нан астам рет пайдаланған. Функционал ҚР Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылды.

Бұған дейін Шымкентте жүргізуші куәлігін алу емтиханы кезінде автокөлік аударылып кеткенін жазғанбыз.

 

Сообщение Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін енді онлайн ауыстыруға болады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus