Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Эпштейн файлдарында Мәсімовтың аты аталған: депутат ақпаратты тексеруді талап етті

Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов Бас прокурор мен ҰҚК төрағасының атына депутаттық сауал жолдап, қазақстандық жоғары лауазымды тұлғалардың Джеффри Эпштейнмен ықтимал байланыстары туралы ақпаратты тексеруді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутат өз сөзінде "Эпштейн файлдары" деп аталған материалдардың жариялануына байланысты халықаралық деңгейдегі дау әлі де жалғасып жатқанын айтты. Оның сөзінше, бірқатар демократиялық елдерде бұл іске қатысты парламенттік тексерулер мен қылмыстық қудалау басталған, сондықтан бұл тақырыпты елемеуге болмайды.
Рахымжанов "қазақстандықтар ел тағдыры кімдердің қолында болғанын және ол күмәнді ортада саудаға салынбағанын білуге құқылы" екенін айтты.
Эпштейн файлдарында Мәсімов пен Келімбетовтің аты аталған
Депутаттың айтуынша, жарияланған құжаттарда "ескі Қазақстан" деп аталатын кезеңнің саяси өкілдерінің есімдері кездеседі. Атап айтқанда, мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға әрекеттену ісі бойынша жазасын өтеп жатқан бұрынғы премьер-министр әрі ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің аты кемінде сегіз рет аталған.

"Кәрім Мәсімов жазбаларда кем дегенде сегіз рет аталады. Жазбаларда Эпштейн мен Мәсімовтың жеке таныс болғаны анық көрсетілген", - деді Асхат Рахымжанов.

Сондай-ақ депутат Ұлттық банк төрағасы болған Қайрат Келімбетовті де атады. Шетелдік БАҚ-та Эпштейн мен Келімбетовтің Нью-Йоркте бірге демалғаны туралы ақпарат тарағанын айтып, бұл кездесулердің мақсаты қандай болғанын сұрады.
Ұлттық қауіпсіздік мәселесі
Рахымжановтың сөзінше, хат-хабарларда қазақстандық шенеуніктердің Эпштейнмен байланыстары, кездесулері, жеке сәлемдесулері мен бірлескен шаралары жайлы мәліметтер бар. Сонымен қатар "мемлекеттік қауіпсіздікке жауапты жоғары лауазымды генерал" туралы да айтылған.

"Ол кім?" – деген сұрақ қойды депутат.

Ол жарияланған материалдарға сәйкес, Эпштейннің Қазақстанға бірнеше рет келгені жөнінде дерек барын, алайда ашық файлдарда барлық байланыс толық көрініс таппауы мүмкін екенін жеткізді. Бұдан бөлек, халықаралық жарияланымдарда АҚШ-та қаза тапқан қазақстандық модель Руслана Коршунованың есімі де аталады.
Депутаттың талаптары
Асхат Рахымжанов өз сауалында:

"Эпштейн файлдарында" аты аталған қазақстандық лауазымды тұлғалар мен олармен байланысты адамдар туралы ақпаратты, сондай-ақ ықтимал кездесулердің сипаты мен мақсатын тексеруді;
басқа да қазақстандық саясаткерлердің, кәсіпкерлердің және шоу-бизнес өкілдерінің Эпштейнмен байланысы болған-болмағанын анықтауды;
ұлттық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерлерге, соның ішінде құпия ақпараттың таралу қаупіне құқықтық баға беруді;
тексеру нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы Парламент пен қоғамды хабардар етуді талап етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus