Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

1414-тен SMS: егде жастағы адамдарға нені ескерту керек?

Алматыда 1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламалар арқылы жасалатын алаяқтық деректері жиілеген. Арбауға егде жастағы адамдар жиі ілігеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Хабарлама арқылы код алған азамат бірден психологиялық қысымға тап болады: артынша алаяқтар қоңырау шалып, өздерін банк, пошта, салық органдары немесе құқық қорғау құрылымдарының қызметкері ретінде таныстырып, түрлі қосымшаларды орнатуға немесе күмәнді сілтемелерге өтуге үгіттейді.

"Олар азаматтарды "жеке деректеріңіз ұрланды" деп сендіріп, шұғыл түрде ақша аударуды немесе несие рәсімдеуді талап етеді. Алайда бұл – психологиялық айла ғана. 1414 нөмірінен келген SMS несиелерге қолжетімділік бермейді, себебі банктер өздерінің көпсатылы қорғаныс жүйелерін қолданады. Көбіне егде жастағы адамдар жәбірленушіге айналады: оларды депозиттегі қаражатын шешіп алуға, "сақтандыру шотына" аударуға, мүлкін сатуға немесе кепілге қоюға көндіреді. Алаяқтар қаражатты курьерлер немесе мессенджерлер арқылы иемденеді", – деді Алматы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша, интернет арқылы тауар сату және жалған инвестициялық ұсыныстарға қатысты схемалар да кең таралған. Қаскөйлер төмен баға немесе жоғары табыс уәде етіп, алдын ала төлем талап етеді, кейін байланысқа шықпай қояды.
Сондай-ақ "туысыңыз жол-көлік оқиғасына түсті" деген мазмұндағы қоңыраулар арқылы эмоционалдық қысым жасап, ақша бопсалау фактілері кездеседі.

"Ең басты қағида – жеке деректеріңізді, банк карталарының реквизиттерін және келген кодтарды ешкімге хабарламау. Қоңырау шалушы өзін банк немесе полиция қызметкері ретінде таныстырса да, ақпаратты өзіңіз дербес тексеріңіз. Психологиялық қысым мен манипуляцияға берілмеңіз", – дейді Әнес Қалдыбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus