Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Семейде қаладан ауылға көшетіндерге 1,5 млн теңгеге дейін қолдау ұсынылды

Семейде жергілікті билік қала тұрғындарын шалғай ауылдарға көшіруді көздейтін арнайы бағдарламаны іске қосты. Қаланың қарбалас тірлігінен ауылдың жайлы өміріне көшкісі келетіндерге әкімдік қолдау көрсететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ауылға қоныс аударуға ниеттенген отбасыларға алғашқы жарнаға 1,5 миллион теңгеге дейін қаржы бөлу қарастырылған. Сонымен қатар, бизнес ашуға немесе мал шаруашылығын қолға алуға көмек беріледі. Кәсіпкерлер грант алып, жылына 6 пайызбен 10 жылға дейін жеңілдетілген несие рәсімдей алады.

"Біз мектеп жасындағы балалары бар отбасыларды тартып жатырмыз. Тұрғын үй, 10 сиыр және 1 жылқы береміз. Тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеміз", - деп уәде етті Абай ауданы Медеу ауылдық округінің әкімі Еркебұлан Кеңесбекұлы.

Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің әкімінің айтуынша, былтыр екі отбасы көшіп барған.

"Жер ресурстары бар. Еңбек етемін дегендерге қажетті қолдау көрсетеміз. Былтыр бізге екі отбасы көшіп келді. Бұл үлкен оқиға болды, өйткені кейінгі 10 жылда жаңа тұрғындар болмаған еді", - деді Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің әкімі Нұрлан Назарханов.

Қазір Абай облысында 600 мыңнан аса адам тұрады, оның 222 мыңы ауылдық жерде өмір сүреді. Билік бұл бағытта өсім әлеуеті жоғары деп санайды. Жобаның мақсаты - ауыл халқының санын сақтап қана қоймай, оны арттыру, ауылдарды тартымды ету.

"Ауылдардың даму әлеуетін көтеріп, ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту және елді мекендерді жаңғырту қажет. Міндеттер ауқымды, бірақ бізде ресурс та бар, нәтижеге ұмтылыс та бар", - деді Абай облысының әкімі Берік Уәли.

Жоба 2028 жылға дейін есептелген. Билік ауыл экономикасын нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр. Аудан әкімдеріне бастаманы іс жүзінде жүзеге асыру тапсырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus