Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Әйелі мен ұлын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

Қызғаныштан адам өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі адамды өлтіру бойынша істі қарау аяқталды. Айыпталушылар орындығында 51 жастағы ер адам болды: ол өз әйелін және 16 жастағы ұлын өлтірді деп айыпталды. Қылмыс орнындағы мәйіттерді айыпталушының қызы тауып, болған жайтты көршісіне айтқан, ал көршісі полиция шақырған.
Сот залында түсірілген сурет
Мән-жайы
Қайғылы оқиға 2025 жылдың күзінде Қостанай облысы Аманқарағай ауылында болған. Ерлі-зайыпты ажырасып жатқан. Ер адам мұны ауыр қабылдап, отбасын сақтап қалуға тырысқан.
Tobolinfo-ның мәліметінше, 14–15 жыл бірге тұрғаннан кейін ерлі-зайыпты алғаш рет ажырасу туралы сөз қозғаған, алайда татуласып, бірге өмір сүре берген. 2025 жылдың жазында қайтадан дағдарыс басталған.
Айыпталушының айтуынша, түнде ол асүйден пышақ пен кәді алып, ажырасудың алдында жұбайын тамақ дайындауға шақырып, сөйлескісі келген. Ұлының бөлмесінен өтіп бара жатып, оны оятып алған. Екеуінің арасында аяқ астынан жанжал шығып, төбелес болған. Ер адамның сөзінше, ол абыржыған күйінде ұлына пышақ сұғып алған, кейін "шабуылды тойтармақ болып" жұбайына да соққы жасаған. Қанды көрген соң бөлмеден жүгіріп шығып, кейін қайта кіргенде екеуін де ауыр жараланған күйде тапқан.
Тергеу
Ер адам қылмыс ізін суытпай ұсталды. Сотта ол кінәсін мойындады, алайда ұлын қасақана өлтірді деген нұсқамен келіспеді. Қорғау тарапы болған оқиға кенеттен болғанын, ер адамның кісі өлтіруге ниеті болмағанын алға тартты. Ерлі-зайыптының қызы әкесін қатаң жазаламауды сұрады. Прокурор өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы өтініш білдірді, ал сот бұл талапты қолдады.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын", - деп үкімді судья Жаннара Тлеубаева оқыды.

Сотта қылмыстың алдын ала жоспарланғаны айтылды: айыпталушы өзімен бірге пышақ қана емес, отбасы мүшелерін байлап қою үшін пластик байлағышты да алған, сондай-ақ, көршілер айқай-шуды естімеуі үшін терезені жауып қойған.
Кешенді психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, ер адам саналы түрде әрекет етіп, өз іс-әрекетіне есеп берген. Сонымен қатар, сот мәліметінше, айыпталушы өкініш білдірмеген және сот процесі барысында жауапкершілікті өз мойнынан ысырып, жұбайының моральдық қасиеттеріне назар аударту арқылы ақталуға тырысқан.
Бұған дейін бұл сұмдық қылмыс туралы Аманқарағай ауылының тұрғыны хабарлағаны айтылған еді: көшеде бір қыз бала оған келіп, анасы мен ағасының үйде еденде жатқанын айтқан. Сол кезде қылмыс жасады деген күдікпен отағасына іздеу жарияланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus