Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда 1908 жылы салынған ғимарат сүріліп жатыр: әкімдік түсіндірді

БАҚ-та Алматыда 1908 жылы салынған ғимараттың сүрілгені туралы ақпарат тарады. Бұл оқиғаға қала әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл қандай ғимарат?Әлеуметтік желілерде бұрынғы "Жетісу" қонақүйі орналасқан ғимараттың сүрілетіні туралы ақпарат пайда болды. Қолданушылар ғимарат туралы қызу талқылап жатыр.












Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anastasia Zveryagina (@zveryagina_almaty)


Нысан бір ғасыр бұрын салынғанымен емес, басқа да қызық дерегімен белгілі: мәліметтерге қарағанда, Лев Троцкий 1928 жылдың қысында Алматыға жер аударылған кезде осы ғимаратта тұрған.
Анықтама: Лев Троцкий (1879–1940) - революция қайраткері, 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жетекшілерінің бірі.Әр кезеңде ғимараттың қызметі өзгеріп отырған. Мәселен, онда Медеу аудандық полициясының учаскелік полиция пункті де орналасқан.
Неліктен сүрілді?
Мемлекеттік активтер басқармасының мәліметінше, Гоголь көшесі, 45 мекенжайындағы 1908 жылы салынған екі қабатты ғимарат тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне кірмеген, сондай-ақ, тарихи-мәдени мұра нысаны мәртебесі болмаған.

"Әр жылдары бұл ғимаратта түрлі қалалық қызметтер орналасқан. Ал 2022 жылдан бастап техникалық жағдайына байланысты ғимарат іс жүзінде пайдаланылмаған", – деді ведомствода.

Олардың дерегінше, 2025 жылы жүргізілген техникалық тексеріс қорытындысы бойынша ғимарат апатты деп танылып, қалпына келтіруге жарамсыз екені анықталған. Соған байланысты нысанды сүру туралы шешім қабылданған.

"Қазір ғимаратты сүру жұмыстары аяқталуға жақын", – деп нақтылады ведомствода.

Қазір ғимараттың жағдайы қандай?Әкімдік ғимараттың фотоларын да ұсынған.



Ғимараттың жағдайы нашар: кейбір құрылымдары құлаған, қабырғаларында жарықтар бар. Терезе-есіктердің бір бөлігі жоқ немесе бүлінген, ішінде ұзақ уақыт пайдаланылмағанын байқауға болады.



Фото: әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, жер телімі мемлекеттік жер қорына берілгені хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus