Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Нашар оқитын оқушы сияқтысыз“. Депутат мұнай компаниясының директорын сөкті

Депутат Еділ Жаңбыршин "Матен Петролеум" мұнай компаниясының бас директоры Лю Цзиньченді сынға алды. Бұл жағдай Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин "Матен Петролеум" АҚ бас директоры Лю Цзиньченнен компанияның қазақстандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттары бар-жоғын сұрады.
Бұл сауалға бас директордың орынбасары жауап беруге тырысты, бірақ депутат қарсылық білдірді:"Жоқ, өзі жауап берсін. Ол бас директор ретінде отыр, жалақы алады. Жоғары жалақы алады. Лю мырза, айтыңызшы, ұзақ мерзімді келісімшарттар бар ма, жоқ па?"
"Бар", - деп жауап берді ол."Қанша?" - деп нақтылады депутат.
Осы кезде көмекшілерінің бірі Лю Цзиньченге жауап беруге көмектесе бастаған. Еділ Жаңбыршин бұған назар аударып, компанияға сұрақтар алдын-ала жіберілгенін жеткізді.
"Дайын емессіз бе? Сізге осы сұрақтарды жібердік қой", - деді депутат.
"Есте сақтау қабілетім нашар", - деп жауап берді Лю Цзиньчен.
Осыдан кейін бас директор көмекшісінің жауаптарын қайталай бастаған.

"Кешіріңіз, екі алатын оқушы сияқтысыз. Бас директор ретінде кіммен ұзақмерзімді келісімшарт жасалғанын, қандай тауар позициялары бойынша жасалғанын, компаниялар қайда орналасқанын, келісім сомасы мен мерзімін нақты білуіңіз керек қой. Бар болғаны - алты компания", - деді депутат Еділ Жаңбыршин.

Депутат компания басшыларынан жазбаша жауап беруді талап етті.












Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriNews | Новости Казахстана (@tengrinewskz)


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus