Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Таразда күштік құрылым қызметкерлері арасында шахматтан жарыс өтуде

Қазіргідей мың құбылмалы заманда интеллектуал адамдар ауадай қажет. Ал шахмат – кез келген адамның ақыл-ойын дамытатын бірден-бір ойын. Себебі дәл осы ойын түрі адам баласын әркез сабырлы болуға дағдыландырып, жастарымыздың салауатты өмір салтын ұстануға қарай бет бұруына өз септігін тигізеді.

Қуанарлығы, бүгінгі таңда қазақстандық күштік қызметкерлер арасында да шахмат тастарын ұршықша иіретін қыз-жігіттер бар. ҚР Парламенті Сенатының шахматтан ІІІ ашық кубогы осы сөзіміздің дәлелі бола алады. Тараз қаласында ұйымдастырылған «SENAT OPEN 2026» жарысына қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп жүрген құқық қорғау саласының қызметкерлері қатысуда. «Сен тұр, мен атайын» дейтін кіл мықтылар жиналған доданың ашылу салтанатында қатысушыларға ең әуелі шахмат ойының шығу тарихы, аталған ойынға қатысты қызықты деректер мен шахматтың адамның ойлау жүйесін жетілдіруге тигізетін орасан зор пайдасын туралы кеңінен мағлұмат берілді. Мұнан соң жебере тартылып, шахматшылар өзара кім мықтыны анықтауға күш салды.

Айта кетейік, дәл осы жарысқа өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері де қатысуда. Нақтылай түссек, департаментке бағынысты №67 мекемесінің жедел бөлімшесі теологиялық оңалту тобының жедел уәкілі, әділет капитаны Ғалымжан  Калмаханбетов пен Байзақ аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет майоры Руслан Баймухамбетов шеберліктерін сынауда. Облыстық ҚАЖ департаментінің намысын қорғаушы қос қызметкерге де сәттілік тілейміз!

Сообщение Таразда күштік құрылым қызметкерлері арасында шахматтан жарыс өтуде появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus