Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

БАӘ-дегі апартаменттер, Rolls-Royce пен Bentley: “Актив Ломбард“ иесіне қатысты тергеу аяқталды

Қаржы мониторингі агенттігі заңсыз кәсіпкерлік қызмет, қылмыстық жолмен келген кірісті заңдастыру деректері бойынша С.С. Койнов пен басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Былтыр қыркүйекте комиссиялық дүкен ретінде жасырынған ірі ломбардтар желісі арқылы заңсыз микрокредит беру схемасы анықталды. "Актив Ломбард" желісінің иесі С.С. Койнов комиссиялық қызметті пайдаланып, жеке тұлғаларға жасырын түрде микрокредит берудің заңсыз схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.
С.С. Койнов материал-техника базасы мен әкімшілік ресурстары бар "Актив Ломбард" ЖШС-ны пайдаланып, сенімді тұлғалардың атына тіркелген және формалды түрде комиссиялық саудамен айналысқан One Billion Sales, The Best Seller және Shark in Sales ЖШС сияқты заңды тұлғалар желісін құрды. Бұл компаниялар "Актив Маркет" бірыңғай брендімен әрекет етіп, іс жүзінде мүлікті кепілге алып, жоғары пайызбен микрокредит беру үшін пайдаланылған. Комиссиялық бөлімшелер "Актив Ломбард" ЖШС филиалдарымен бір ғимаратта орналасқан, ал клиенттерге бірдей қызметкерлер қызмет көрсеткен.
ҚМА мәліметінше, клиенттермен жасалған комиссиялық шарттар формалды, жалған сипатта болған. Сыйақы мөлшерлемесінің орташа деңгейі тәулігіне 1,73%-дан 2,07%-ға дейін жетіп, белгіленген нормадан (0,3%) 5 есеге жоғары болған, бұл азаматтардың құқығы бұзылуына әкеп соққан.
Салдарынан 1,9 млн-нан аса шарт жасалып, қылмыстық кіріс көлемі 19 млрд теңгеден асқан.
Тергеу материалдарына сәйкес қылмыстық кіріс қайдан келгенін жасыру мақсатында С.С. Койнов оларды заңдастырудың көп деңгейлі схемасын әзірлеп, іске асырған.

"Ол үшін байланысы бар компаниялармен жасалған жалған шарттар пайдаланылған, сондай-ақ, банк шоттары арасында ақшаны бірнеше рет аудару арқылы кейін дивиденд түрінде шығарылған. Осы тәсілмен 5 млрд теңгеден аса қаражат шығарылған", - деп жазылған хабарламада.

Сот санкциясымен жалпы құны 8,9 млрд теңге болатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке, жарғылық капиталдағы үлестерге, зергерлік бұйымдарға тыйым салынды.
Тыйым салынған мүлік қатарында елордадағы 4 пәтер және 2 тұрғын үй, БАӘ-дегі 4 апартамент, 6 көлік, соның ішінде Lexus LX 600, Rolls Royce Cullinan, Mercedes-Benz G63, Bentley Bentayga V8, Land Rover Range Rover Sport көліктері, депозит шоттарындағы 2,7 млрд теңге көлеміндегі қаражат бар.
С.С. Койнов қамауға алынды. Оның төрт сыбайласына елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus