Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандағы неке: Конституция жобасына әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қолдайтын норма енгізілді

Қазақстан Конституциясының жаңа редакциясы некедегі теңқұқықтылықты нақты бекітіп, әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейтеді. Бұл туралы Конституциялық комиссияның тоғызыншы отырысында премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Балаева өзгерістер тек отбасы институтына қатысты емес, сондай-ақ, білім беру мен тәрбиенің зайырлы сипатын да айқындайтынын атап өтті.

"Екіншіден, Конституцияның жаңа жобасында дін мен мемлекет ара-жігі анық ажыратылған, сондай-ақ білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты белгіленген. Білімнің зайырлылығы көпконфессиялы қоғамда жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді", – деді Балаева.

Министрдің айтуынша, Конституция жобасы азаматтардың жеке өміріне қатысты құқықтарын да бекітеді.

"Конституцияда некенің ер мен әйелдің өз еркімен таңдауы негізінде құрылған теңқұқылы одақ екені анық жазылған", – деп нақтылады ол.

Балаева бұл норма отбасы институтының маңызын күшейтіп, дәстүрлі құндылықтарды қорғауға бағытталғанын айтты.

"Бұл жоба қоғамдағы отбасы институтының маңызын айқын көрсетеді. Сондықтан мұндай норманы орынды деп санаймын. Бұл норма отбасы институтының тұрақтылығын нығайтуға, дәстүрлі құндылықтарды құқықтық деңгейде қорғауға, сондай-ақ әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін күшейтуге сеп болады", – деп түйіндеді министр.

Бұған дейін комиссияның жетінші отырысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жаңа Конституция жобасында "мәңгілік билікке" жол берілмейтінін мәлімдеген. Оның сөзінше, жоба елдегі жоғары лауазымдарға қатысты негізгі шектеулерді бекітіп, биліктің бір қолға шоғырлануына тосқауыл қояды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus