Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Түркістан облысында интернет-алаяқтық ісі бойынша 20 күдікті қамауға алынды

Түркістан облысында интернет-алаяқтық ісі бойынша 20 күдікті қамауға алынып, тағы екі адамға халықаралық іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу барысында 2024–2025 жылдары Қазақстан аумағында жүрген шетелдік ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік еткені анықталған. Топ мүшелері интернет және телефон арқылы алдап-арбау тәсілін қолданып, 21 жәбірленушіге жалпы сомасы 125 миллион теңгеден асатын материалдық шығын келтірген.

Күдіктілер өздерін пошта қызметкерлері және байланыс операторларының өкілі ретінде таныстырып, азаматтардың атына алдау жолымен несие рәсімдеткен. Кейін алынған қаражатты өз пайдасына жаратқан.

Жәбірленушілерге 20 миллион теңге қайтарылды. Күдіктілерге тиесілі үш автокөлікке тыйым салынды. Қалған шығын сомасы сот процесі барысында мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алынады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы (алаяқтық) және 262-бабының 1, 2-бөліктері (ұйымдасқан топ құру және оған қатысу) бойынша қозғалған қылмыстық іс жөніндегі соталды тергеу аяқталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus