Мен қалай жақсылық жасауды үйрендім
КІРІСПЕ
— Бар жоғы отызақ-ақ адам ба? А неге жүз емес?!
Алинаның ашуға булыққан, таңданысқа толы дауысы түскі саябақтың тыныштығын бұзып жіберді. Қастарынан өтіп бара жатқан, бірдей түсті спорттық киім киген жұп, арттарына бұрылып жалт қарады. Бірақ теңіздің таңғы қамыстың басындағы шықындай көз жасына булыққан қызбен, брендті көзілдірік таққан жігіттен басқа қызық ештеңе көрмей, «жай ұрысып қалған жұп шығар» деп ойлап, өз жөндеріне кете берді.
Алина алдын да әңгімелесіп отырған ауқатты жігітке сенімсіздікпен қарады. Оның есімі Арыстанбек сияқты меді, әзер есіне түсіріп, жүзіне білдіртпей қарай берді. Арыстан болса алдындары Алинаның алдынан қызыл кабриолетімен желдей, музыкасын бақыртып өткен. Жанындағы құрбыларына «Анау жігіт кім?»...