Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан халықаралық міндеттемелерді қолданыстағы құқық негізінде, заң талаптарына сәйкес қолданады – Үнзила Шапақ

Қазақстан халықаралық міндеттемелерді қолданыстағы құқық негізінде, заң талаптарына сәйкес қолданады – Үнзила Шапақ

Үнзила Шапақ: Конституция мен халықаралық құқықтың арақатынасын белгілеу – еліміздің тұтас құқықтық жүйесінің іргетасын нығайтады

 Мемлекет өз Конституциясы мәтініне халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын, жалпыадамзаттық құндылықтарды және халықаралық құжаттарда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарын енгізеді. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақ осылай деп мәлімдеді.

Оның түсіндіруінше, халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы үстемдік пен бағыныштылыққа емес, өзара әрекеттесу, толықтыру және үйлестіру қағидаттарына негізделеді. Осыған орай, ұсынылып отырған Конституция жобасында халықаралық шарттарға қатысты негізгі ережелер көзделді.

«Осылайша, 5-баптың 1-тармағы туралы қысқаша тұжырымдап айтсам,  Қазақстан Республикасы халықаралық міндеттемелерден бас тартпайды, керісінше оны қолданылатын құқықтың, яғни қоғамдық қатынастарды реттейтін маңызды құрамдас бөлігі ретінде мойындайды», – деп нақтылап өтті депутат.

Яғни, Ата заң жобасында халықаралық шарттардың ел аумағында қолдану механизмі – заңдармен белгіленетіні қарастырылған. Бұл тұрғыда көздің қарашығындай қорғалатын ұлттық мемлекеттік егемендікті тікелей немесе жанама түрде шектеуге не әлсіретуге жол бермеу – негізгі міндеттердің бірі.

«Яғни, біз халықаралық міндеттемелерді қолданыстағы құқықтың бөлігі ретінде танимыз, оларды заң талаптарына сәйкес қолданамыз және оларды жариялаймыз, өйткені олар қоғамдық қатынастар субъектілері үшін міндетті жүріс-тұрыс ережелерін белгілейді», – деп түсіндірді заңгер.

Сообщение Қазақстан халықаралық міндеттемелерді қолданыстағы құқық негізінде, заң талаптарына сәйкес қолданады – Үнзила Шапақ появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus