Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шавкат Рахмоновтың бапкері спортшының жарақаты туралы айтты

Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров спортшының жарақаты туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бапкер пікірі
Кеше, 31 қаңтарда, жартылай орта салмақта UFC рейтингінде екінші тұрған, жеңілмеген Рахмонов Naiza FC турнирінде балдақпен және тізесіне таңғыш тағып жүргені байқалды.

"Нақты қанша уақытқа дейін үзіліс болатынын айта алмаймын. Көре жатармыз, Шавкаттың жағдайын өздеріңіз де көрдіңіздер, ол мұны өзі де жасырмайды. Қалпына келу біз күткеннен ұзаққа созылатын сияқты", - деді бапкер редакцияға берген сұхбатында.

Еске салайық, UFC-дің жартылай орта салмақтағы қазақстандық өкілі Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты жазба жариялады. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

"Жауынгердің жолы ешқашан жеңіл болмайды. Өмір бізге еңсере алмайтын сынақ бермейді. Әр арманның өз бағасы бар, кейде оның құны денсаулық та болуы мүмкін.
Шындықты жасырмай айтайын: жарақатыма байланысты тағы бір операция жасатуға тура келді. Енді толық қалпыма келу үшін уақыт қажет. Тиісінше октагонға оралуым тағы да кейінге шегерілді.
Әрине, мұны қабылдаудың өзі қиын. Алайда әрбір сәтсіздік үлкен жолдың бір бөлігі екеніне сенемін. Бұрынғыдан да мықты, ақылды болып ораламын, жеңіске деген аштығым да арта түседі.
Мақсатым өзгерген жоқ. UFC белдігі әлі де Қазақстанға келуге тиіс. Қандай жағдай болса да жанымнан табылып жүрген баршаңызға рақмет. Бұл жолдың соңы емес, тек маңызды бір кезеңі ғана", - деп жазды Рахмонов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus