Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандық әйел ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін 10 жылға сотталды

Астана қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты ҚР аумағында бірнеше ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу дерегі бойынша қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы2020–2023 жылдары Б. Түркия азаматтарының заңсыз көші-қонын ұйымдастыру мақсатында қылмыстық топ құрып, таныстарын, соның ішінде Туркия азаматтары Ю., К., К., сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары М., Х., М. және Алматы миграциялық қызметінің қызметкері С-ны қылмыстық әрекеттерге тартқан. Олардың бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде Б. басқаратын тұрақты ұйымдасқан қылмыстық бірлестік құрылған.

"Қылмыстық топ Қазақстан Республикасының аумағында Түркия азаматтарына еңбек визаларын (C-3 санаты) заңсыз рәсімдеген, жалған құжаттар мен электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілттерін қолданған. Топ әрекетінің барысында шетел азаматтарының қатысуымен ондаған ЖШС тіркеліп, қаржылық қаражаттар алынған және визаларды заңсыз алу үшін құжаттар рәсімделген", - делінген хабарламада.

Тараптардың ұстанымы
Прокурор айыптауды қолдап, төмендегідей жаза тағайындауды сұрады:

Б. - 9 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу;
С. - 9 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу;
М., М., Х., К., Ю. - 6 жылға бас бостандығынан айыру.

Айыпталушылардың адвокаттары өз қорғаушыларын ақтауды сұрап, олардың әрекеттерінде қылмыстық құрамның жоқтығын алға тартты.
Сот үкімі

Б. - кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды;С. - кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айыру;
Х., М., М., К., Ю. - кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды;К. - кінәлі деп танылып, 2025 жылғы 23 маусымдағы "Қазақстан Республикасының Конституциясының отыз жылдығына байланысты амнистия туралы" ҚР Заңы негізінде негізгі жазадан босатылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus