Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Құлсарыда кішкентай қызды зорлап, өлтіргені үшін сотталған ер адам “Қара бүркітке“ жеткізілді

Құлсарыда жеті жасар қызды зорлағаны және өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған 35 жастағы ер адам жазасын өтеу үшін "Қара бүркітке" жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АқЖайық" материалына сілтеме жасап.
Мақалаға сүйенсек, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін сотталған адам төтенше қауіпсіздік режиміндегі түзеу мекемесіне жеткізілген. Сотта істі қарау барысында кінәсін толық мойындамағанына қарамастан, сотталған адам апелляциялық шағым түсіруден бас тартқан.
Не болған?
Қайғылы оқиға 2025 жылдың 5 маусымында Атырау облысы Құлсары қаласында болған. Қыз достарымен ойнауға далаға шығып, үйіне қайтарда адасып қалған. Жолда ол мас жергілікті тұрғынды кездестіріп, бйтаныс адам оны алдап, жолды көрсетемін деп алып кеткен. Кейін қыз қылмыстың құрбаны болған. Бала сол күні судан табылып, күдікті қолға түсті.

Сот барысы
Істі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады. Судья Зарема Хамидуллина сотталушыны кәмелетке толмаған қызды зорлап, өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Оған төтенше қауіпсіздік режиміндегі түзеу мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ сот қайтыс болған баланың отбасына келтірілген моральдық зиянды өтеу үшін 20 миллион теңге өндіру туралы қаулы шығарды.
"Қара бүркіт" туралы не белгілі?
Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін сотталған адам "Қара бүркіт" ретінде танымал ҚК 161/3 мекемесіне жеткізілді.
Бұл - Қазақстандағы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген сотталғандарға арналған төтенше қауіпсіздік режиміндегі жалғыз түзеу колониясы. Ол Қарағанды облысында, Долинка кентінде орналасқан.
Бұл мекемеде аса қауіпті қылмыскерлер қамауда болады. Режим бойынша жеке отырады, қатаң бақылауда болады және шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу мүмкіндігі болмайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus