Қалың қар және тұман: бүгін ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" синоптиктері 28 қаңтарда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оңтүстік циклон Қазақстанның барлық аумағын қамтиды. Метеорологтар мәліметінше, солтүстік және орталық аймақтарда қар жауып, боран соғады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерде қалың қар жауады. Ал батыс аймақтарда ауа райы салыстырмалы түрде тұрақты болады.
Республика бойынша желдің екпіні мен тұманның күшеюі байқалады. Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жолдарда көктайғақ жағдайы қалыптасуы мүмкін. Сонымен қатар түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығыс бөлігінде қатты аяз күтіледі.
"Бұл жағдайлар жол қозғалысына және тұрғындардың күнделікті өміріне әсер етуі ықтимал. Сондықтан сақтық шараларын күшейту ұсынылады", - делінген ескертуде.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!