Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ІІМ қазақстандықтарға Threads-тегі күмәнді жазбалар туралы ескертті

Әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads-те "жар іздеймін", "танысқым келеді" деген жарияланымдарды жиі кездестіруге болады. Мұндай жазбалардың артында алаяқтар да тұруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Олар өздерін тартымды, бақуатты жігіт немесе қыз ретінде таныстырып, хат алмасуды белсенді түрде жүргізіп, адамға ерекше көңіл бөліп, қысқа уақыт ішінде сенімге кіреді. Уақыт өте келе әңгіме қаржылай көмек сұрауға ұласуы мүмкін.
Алаяқтық схема әдетте былай өрбиді:

белсенді қарым-қатынас орнату және эмоциялық тәуелділік қалыптастыру;өмірдегі қиын жағдайлар, ауру, шұғыл шығындар немесе тиімді инвестициялар туралы әңгімелер;ақша аударуды, оның ішінде қаражатты шетелдік криптоәмияндарға аударуды немесе үшінші тұлғалар арқылы жіберуді сұрау;қаражат алынғаннан кейін байланыс үзілiп, жәбірленушіні бұғаттау.


"Егер экранның арғы жағындағы адам сізден ақша аударуды сұраса, бейнебайланыстан және жеке кездесуден қашса, интернеттегі суреттерді пайдаланса, сақ болған жөн", - дейді ІІМ өкілдері.

Алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін:

интернет арқылы танысқан адамдарға ақша және жеке деректерді бермеу;жеке суреттерді жібермеу;күмәнді сілтемелерге өтпеу;сұхбаттасушының профилін және ол туралы ақпаратты тексеру;күмән туындаған жағдайда жазбаны тоқтату керек.

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды онлайн-танысу кезінде сақ болуға және құқыққа қайшы әрекеттер туралы уақтылы полицияға хабарлауға шақырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus