Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Дубайда жаппай төбелестен кейін 8 өзбекстандық өмір бойына сотталды

БАӘ соты Дубайдағы жаппай төбелес ісі бойынша Өзбекстанның сегіз азаматын өмір бойына бас бостандығынан айырды. Тағы бір айыпталушыға 25 жыл түрме жазасы тағайындалды. Бұл туралы Өзбекстан СІМ-інің баспасөз хатшысы Ахрор Бурханов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Газета.uz-ға сілтеме жасап.

"Қазір Өзбекстанның тиісті ведомстволары мен дипломатиялық өкілдіктері жағдайды жан-жақты зерделеу және ел азаматтарының құқықтарын қорғау үшін барлық қажет шараны қабылдап жатыр", – делінген хабарламада.

Жаппай төбелес 2025 жылғы сәуірде Дубайдағы жанармай құю станциясының аумағында болған. БАӘ құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға салдарынан екі өзбекстандық қаза тапқан: олардың бірі пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмған, екіншісі комаға түсіп, кейін ауруханада қайтыс болған.
25 сәуірде өзбек дипломаттары Дубай қылмыстық іздестіру департаменті басшылығымен кездесу өткізген. Әмірлік тарап бұл іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын және Өзбекстанның 15 азаматы ұсталғанын хабарлаған.
БАӘ билігі шетелде Өзбекстан азаматтарының жиі құқық бұзатыны екі ел арасындағы қолданыстағы визасыз режимге кері әсер етуі мүмкін екенін де атап өткен.
Өзбекстан СІМ бұл іс бойынша құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеп, ел азаматтарын шетелде отандастардың беделіне нұқсан келтіруі ықтимал әрекеттерден бас тартуға шақырған.
Кейін Дубай прокуратурасы жанжал бұған дейін бір-бірімен таныс болған екі топ арасында туындағанын және алдын ала деректер бойынша, ұзақ уақыттан бергі жеке даумен байланысты болғанын нақтылаған. Оқиғаға қатысушылар бейнебақылау камераларының жазбалары мен куәгерлердің айғақтары арқылы анықталып, содан кейін басқа әмірліктегі қонақүйлердің бірінде ұсталған. Іс әрі қарай қарау үшін прокуратураға жолданған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus