Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Маңғыстаулық әйел 23 жылдан бері құжат пен азаматтық ала алмай жүр

Маңғыстауда ешқандай құжаты жоқ әйел мектепте, колледжде оқып, тұрмысқа шығып, бала туғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
23 жастағы Жаңылсын Сүгіралиева әлі күнге дейін жеке куәлік пен Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр. Себебі оның туу туралы куәлігі жоғалды делінеді. Құжатты отбасылары Түрікменстаннан көшіп келгеннен кейін, 2000-жылдардың басында таба алмаған.

"Колледжді бітіргеннен кейін маған диплом берілмеді. "Алдымен құжаттарыңды әкел" деді. Мен АХАТ-қа (ЗАГС) жүгіндім, Түрікменстанға құжат сұратып өтініш жасадым, бірақ ол жақтан да мен тіркелмегенмін деген анықтама келді. Енді не істерімді білмеймін", - дейді әйел.

Қазір Жаңылсын 23 жаста және басқа құжаттармен қатар азаматтықты рәсімдей алмай отыр. Жақында ана атанған. Құжаттың жоғы енді оның ұлына да қиындық туғызды: баласына туу туралы куәлік берілмей отыр.
Әйелдің айтуынша, тек 2024 жылы ол сот арқылы өзінің туу туралы куәлігін қалпына келтіре алған. Алайда бұл азаматтық алуға көмектеспеген. Жаңылсын медициналық көмекке жүгіне алмайды әрі жұмысқа орналаса алмайды.
Әйел қоғамдық белсенділер мен шенеуніктерден құжаттарын рәсімдеуге көмектесуді сұрап жүгінген.

"Қазір оған әрі қарай қалай әрекет ету керегі және қандай құжаттар қажет екені түсіндірілді. Алдымен ол азаматтығы жоқ тұлға құжаттарын алуы керек. Содан кейін қайта өтініш беріп, Қазақстан азаматтығын рәсімдей алады", - деді Маңғыстау облысы ПД көші-қон қызметі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Нұрасылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus