ТЖМ сатып алған Tesla Cybertruck қанша тұрады?
Мән-жайы
Мемлекеттік сатып алулар порталында Алматы Төтенше жағдайлар департаменті Zharyq ЖШС-нен Tesla Cybertruck "жедел-қызмет көрсету көлігіне" тапсырыс берген келісімшарт жарияланды.
Келісімшарттың жалпы сомасы - 127,5 миллион теңге.Құжатқа сәйкес, көліктің негізгі мақсаты – төтенше жағдай орнына жедел жету, бастапқы барлау жүргізу, құтқару қызметтерінің жұмысын үйлестіру және оқиға орнында жедел әрекет ету.
Сурет: goszakup
Сондай-ақ Cybertruck:
басшылық пен мамандарды оқиға орнына жеткізуге,қолжетімі қиын аумақтарды тексеруге,құтқарушылар, өртсөндірушілер мен дәрігерлер жұмысын үйлестіруге,1 тоннаға дейін жүк тасымалдауға,күрделі аймақтарда патруль жасауға пайдаланылады.
Tesla Cybertruck жеткізушісі - Алматыда тіркелген, 30 жылдан аса уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан ТОО Zharyq. Компанияның негізгі қызмет бағыты – "сымсыз телекоммуникация".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!