Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жамбыл облысында некеге тұру көрсеткіші ажырасудан алты есе жоғары

Жамбыл облысында халық санының табиғи өсімі сақталып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірде дүниеге келгендер саны қайтыс болғандардан бірнеше есе көп, ал некеге тұрғандар ажырасқандардан айтарлықтай асып түсті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының мәліметінше, өткен жылы өңірде 26 625 сәби дүниеге келген. Ал осы кезеңде 6 655 өлім жағдайы тіркелген. Яғни бір қайтыс болған адамға шамамен төрт жаңа туған сәби сәйкес келеді.

Отбасылық статистикада да ұқсас үрдіс байқалады. 2025 жылы Жамбыл облысында 6 030 неке қиылған, ал ажырасу саны 1 035-ті құраған. Бұл әрбір алтыншы неке ғана бұзылатынын көрсетеді.

Жалпы 2025 жылдың 12 айында өңірде азаматтық хал актілерін тіркеу саласында 54 370 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Соның ішінде салтанатты форматтағы қызметтерге сұраныс артқан. Бір жыл ішінде 165 салтанатты неке қию рәсімі және 66 жаңа туған сәбиге куәлік табыстау рәсімі өткізілген.

Салтанатты неке тіркеу залдары Тараз қаласында, сондай-ақ Қордай, Шу және Тұрар Рысқұлов аудандарында жұмыс істейді.

Бұған дейін Kazinform Қазақстандағы демографиялық ахуалға қатысты материал жариялаған болатын.

 

Сообщение Жамбыл облысында некеге тұру көрсеткіші ажырасудан алты есе жоғары появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus