Депутаттардың құзыретін кеңейту ұсынылды - Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің құзыретін кеңейту туралы ұсыныс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Жұмыс тобы Конституциялық соттың, Жоғары аудиторлық палатаның және Орталық сайлау комиссиясының құрамын жасақтау, сондай-ақ Жоғарғы соттың барлық судьяларын сайлау құзыретін жоғары өкілді орган депутаттарына беруді ұсынады", - деді Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!