Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған “Байсат“ базары 2 миллиардқа арзандады
Алматыдағы "Байсат" базары үшінші рет сатылымға шығарылды. Ол бұрын Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі болған. Бұл ақпарат Қайтарылған активтерді басқару компаниясының сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
E-Qazyna порталында өтетін аукцион 5 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 12:00-ге жоспарланған. "Байсат" базарының бастапқы бағасы 24 миллиард 772 миллион теңге болады.
Айта кетейік, "Байсат" көтерме-бөлшек сауда орталығының үлесі алғаш рет былтыр қарашада сатуға шығарылған болатын. Алайда сол кезде сауда өтпеді: аукцион басталған кезде объектіге тіркелген қатысушылар болған жоқ.
Желтоқсанның аяғында базар қайтадан саудаға шығарылды. Сол кезде "Байсаттың" бастапқы бағасы 26,7 миллиард теңге болды, бірақ сатып алушылар табылмады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!