Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Пара алғаны үшін сотталған бұрынғы әкім құрметті азамат атанды

2025 жылдың аяғында Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының депутаттары ауданның Құрметті азаматы атағына ұсынылатын үміткерлерді анықтады. Олардың қатарында бұл ауданды бұрын басқарған Нұрлан Сыдықов та бар. Бұрын ол пара алғаны үшін сотталған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұрлан Сыдықов 2013–2015 жылдары (ол кезде әлі Шығыс Қазақстан облысы құрамында болған) Бесқарағай ауданын басқарды. 2015 жылғы қазанда ол сол облыстағы Жарма ауданының әкімі болып тағайындалды. 2018 жылғы күзде осы қызметте жүріп сыбайлас жемқорлық қылмысын жасап, соның салдарынан мемлекеттік қызметтегі мансабымен қош айтысуына тура келді.
Пара алу ісі
Жарма аудандық сотының бұрынғы әкімге қатысты қылмыстық іс бойынша үкімі дерегінше, 2018 жылғы күзде жер қатынастары бөлімі мен аудан әкімдігіне бір ЖШС директорының өтініш-құжаттары келіп түскен. Онда Жаңғызтөбе ауылындағы жер учаскесін сатып алу құқығымен ұзақ мерзімге жалға алу құқығын қайта рәсімдеу мәселесі қаралған. Кәсіпорын ол жерге теміржол тұйығын және қоймалар салуды жоспарлаған.
Әкім өз келісімін 1 миллион теңгеге бағалап, бұл туралы ЖШС директорына делдал арқылы жеткізген. Кәсіпкер ҰҚК-ге жүгінеді де, көп ұзамай арнайы қызмет өкілдерінің бақылауымен "делдалға" таңбаланған купюраларды табыстайды. Ақша аудан әкімдігі ғимаратының дәл маңында екі траншпен берілген.
Барлық сома берілгеннен кейін құқық қорғау органдары тінту жүргізу үшін әкімге келеді. Тінту барысында ол ақшаның бір бөлігін өз еркімен тапсырып, оны жер мәселесін шешіп бергені үшін алғанын түсіндірген.
ҰҚК тінтуі
Сыдықовтың тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту / ҰҚК баспасөз қызметінің архив фотосы

"Ультракүлгін шаммен тексеру кезінде Сыдықовтың қолынан арнайы люминесцент ұнтақтың ізі анықталды, ал ақша купюраларын ультракүлгінмен қарағанда люминесцент ұнтақ жарқырап, "ПАРА" деген жазу байқалды", – делінген үкімде.

Тергеу кезіндегі жауап алу барысында шенеунік кінәсін мойындап, шын жүректен өкініш білдірген. Сотта да әкім өз әрекетін жоққа шығармай, кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісімге келген.
Нәтижесінде сот Сыдықовты параның 30 еселенген мөлшерінде (30 миллион теңге) айыппұл төлеуге үкім еткен, мүлкі тәркіленбеген. Сондай-ақ, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға тыйым салынған.
Құрмет атағы
Қазақстанда белгілі бір облыс, аудан немесе қала бойынша "Құрметті азамат" атағына кім лайық екенін жергілікті мәслихаттар шешеді. Әуелі мәслихатқа кандидаттар туралы ұсыныстар түседі, кейін депутаттар "ең лайықтыларды" дауыс беру арқылы іріктейді. Әдетте бұл мемлекеттік мерекелердің қарсаңында немесе одан кейін өтеді. Мысалы, қазір Абай облысына қарайтын Бесқарағай ауданында былтыр құрметті азаматтар 18 желтоқсанда өткен 35-сессияда, яғни Тәуелсіздік күнінен кейін көп ұзамай анықталған.
Ауданның құрметті азаматтарының жаңартылған тізімі жергілікті мәслихаттың сайтында қаңтардың басында жарияланды. Жаңадан "құрметті" атанғандардың ішінде Нұрлан Сыдықов та бар.
Құжатта экс-әкімнің еңбегі ретінде оның Бесқарағай ауданын басқарған кезеңінде атқарылған жұмыстар түгел тізілген.

"Мостик және Башкөл ауылдарында 2 жаңа мектеп салынды, "Айналайын" балабақшасының құрылысы басталды. Аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Орталық аудандық аурухана мен Бесқарағай колледжінде ағымдағы жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді", – делінген сипаттамада.


Құжаттың скриншоты
Әкімнің еңбек жолы тізімінде аудан орталығының орталық алаңындағы субұрқақ, сол жерде орнатылған Абай Құнанбайұлының бюсті және орталық көшелердегі 3 бағдаршам да көрсетілген. Ұсыныс жасағандар оның мерейтойлық медальдары бар төсбелгілерін де атап өткен. Ал шамамен сегіз жыл бұрын жасалған қылмысы туралы, әрине, бір ауыз сөз жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus