Қызылордада тұрғын мен оның қызын көршісі пышақтап тастаған
Оқиға туралы полицияға қаза тапқандардың көршілері хабарлаған. Патрульдік полиция экипажы күдіктіні қылмыс орнында ұстады.
"Ұсталған азамат - жәбірленушілердің көршісі. Аталған дерек бойынша адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Qyzylorda PD (@kzo_pd)
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!