Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Министрлік сиыр етін экспорттауға енгізілген шектеу себебін түсіндірді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстаннан сиыр етін экспорттауға енгізілген жаңа шектеулер тәртібін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шектеулер қашан енгізіледі?2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағынан етті үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттеріне экспорттауға арналған квоталарды бөлу қағидалары күшіне енді. Бұл норма 2026 жылғы 30 маусымға дейін қолданыста болады. Ет экспортына берілетін жалпы квота көлемі – 20 мың тонна.
Квоталар қалай бөлінеді?
Министрліктің түсіндіруінше, квоталар бордақылау алаңдарындағы мал басын пайдаланып, ет өңдеу кәсіпорындары өндірген ірі қара мал етіне бөлінеді.
Бір қатысушыға берілетін квота мөлшері бордақылау базасының қуатына тікелей байланысты:

қуаты 5 мың басқа дейін - 1 мың тоннаға дейін;10 мың бас - 2 мың тоннаға дейін;15 мың бас - 3 мың тоннаға дейін;20 мың бас - 4 мың тоннаға дейін;50 мың бас - 10 мың тоннаға дейін.

Неге шектеулер енгізіледі?
Министрлік мұндай тәсіл толық циклді өндірушілерді қолдауға және сыртқы сауда операцияларының ашық болуын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Уақытша шектеулердің негізгі мақсаты:

азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;өнімді терең өңдеуді ынталандыру;ашық статистика қалыптастыру;еттің шығу тегі бойынша қадағалауды (трассабельділікті) күшейту.

Шараларды қабылдауға себеп болған жағдай - кейбір компаниялар мен шағын сою цехтары іс жүзінде мал бордақыламай, өз өндірістік базасын дамытпай-ақ, малды сатып алып қайта сату (делдалдық/алыпсатарлық) схемаларымен айналысқан.
АШМ дерегінше, мұндай схемалар делдалдық-алыпсатарлыққа жағдай жасап, сұраныс пен ұсыныстың нақты теңгерімін бұрмалаған. Бұл, өз кезегінде, ішкі нарықтағы бағаның өсуіне әсер ететін факторлардың бірі болған.
Жаңа тәртіп экспорт нарығынан осындай алыпсатар делдалдарды ығыстырып, онда тек нақты мал өсіретін, өндіріске қаржы құятын және адамдарды жұмыспен қамтитын кәсіпорындардың қалуына бағытталған. Сонымен қатар, билік еттің есебі мен шығу тегін тіркеуді ретке келтіруді көздейді.
Бұған дейін АШМ басшысы Қазақстанда сиыр етін сыртқа шығаруды шектеудің себебін түсіндірген.
Еске салайық, 2025 жылғы қыркүйекте Қазақстанда сиыр етінің бағасы күрт өсті: дүкендерде ет 1 келісі 5–6 мың теңгеден сатылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus