Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

АҚШ-тың Венесуэладағы операциясы: қаза тапқандар саны аталды

АҚШ-тың Венесуэлада жүргізген операциясы салдарынан кемінде 40 адам, оның ішінде әскери қызметкерлер де, бейбіт тұрғындар да қаза табуы мүмкін. Мұндай мәліметті Венесуэланың жоғары лауазымды шенеунігі мәлімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі УНИАН-ға сілтеме жасап.

Америкалық шенеуніктердің деректеріне сәйкес, Венесуэланың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жою үшін 150-ден аса ұшақ жіберілген. Одан кейін әскери тікұшақтар америкалық арнайы операциялар күштерін жеткізіп, олар жергілікті уақыт бойынша түнгі 2-де Мадуроның резиденциясына шабуыл жасаған болуы мүмкін.

Хабарламада Венесуэла президенті Николас Мадуро америкалық әскерилер Каракаста "жылдам әрі қуатты операция" жүргізіп, оны жұбайымен бірге қолға түсіргеннен кейін бірнеше сағат ішінде Нью-Йоркке жеткізілгені айтылады.

БАҚ мәліметінше, бұған дейінгі күні Венесуэлада америкалық әскерилердің бар екеніне қатысты ешқандай белгі байқалмаған.

Мән-жай

Сенбіде АҚШ Венесуэлаға қарсы операция жүргізіп, ел президенті Николас Мадуроны және оның жұбайын республиканың астанасы Каракаста ұстап әкеткен. Бүгін Мадуроның Бруклиндегі тергеу изоляторына жеткізілгені белгілі болды.

Венесуэла президентін тұтқындау туралы айта отырып, АҚШ президенті Дональд Трамп Монро доктринасын еске салды. Бұл доктрина Америка құрлығын өзге державалардың араласуына жабық аймақ деп жариялайды.

Сондай-ақ, Трамп "АҚШ-тың барлық жауына" Венесуэлада болғандай операция жасалуы мүмкін екенін айтып қорқытты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus