Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“20 АЕК айыппұл“. ІІМ пиротехникаға қатысты тағы да ескерту жасады

Жыл сайын мереке қарсаңында ірілі-ұсақты өрт көбейеді. Құтқарушылардың айтуынша, бұған сапасыз пиротехника себеп. Сондықтан желтоқсанның аяғына қарай арнайы рейд жүргізіліп, заңсыз саудаланып жатқан бұйымдар тәркіленеді,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

"Пиротехникалық бұйымдарды, отшашуды жарамсыз күйде қолдану, үйде немесе автомобильдерге жақын жерде қолдану, масаң күйде қолдану және балаларға беру қауіпті болып табылады. Осындай жағдайларды болдырмас үшін қазіргі таңда Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Астана қаласы Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, жаңа жыл акциясын ұйымдастырып жатырмыз", - деді Байқоңыр ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Темірлан Айтбек.

Қазір Астанадағы ірі сауда орталықтарының маңында пиротехникалық бұйымдар сататын 66 ресми сауда нүктесі ашылған. Ал заңсыз сауда үшін 48 хаттама толтырылып, бір мыңға тарта өнім тәркіленді.

"Тек рұқсат етілген жерлерден сатқызылады. Оған әкімшіліктен рұқсат беріледі. Оларды тексереміз, өрт қауіпсіздігі бойынша оларда өрт сөндіру бұйымдары болуы керек. Заңсыз сатқандарға айыппұл салынады. Бірінші жолға 204 бап, бірінші тармағымен ескерту саламыз. Ол егер де қайталатын болса айыппұл салынады", - деді учаскелік инспектор Дәулет Қожахмет.

Жаңа жылда отшашу қолданғаны үшін қарапайым азаматтар да жазалануы мүмкін. Мәселен, түнгі тыныштықты бұзғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды. Сонымен қатар елдімекендердің аумағында пиротехника қолданғандардың жазасы төрт есе ауырлайды. Яғни 20 айлық есептік көрсеткіш. Ал тыныштық бұзған азамат 16 жасқа толмаса орнына ата-анасы немесе қамқоршысы жауап береді. Сондықтан полиция отшашуды тек ашық аумақта, қолдану нұсқаулығын сақтау керегін ескертеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus