Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

1 қаңтардан бастап Қазақстанның елшіліктері шетелдіктерге ЖСН бермейді

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның елшіліктері, консулдықтары және басқа да шетелдегі мекемелері шетел азаматтарына ЖСН беруді тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап.
Елшіліктің мәліметінше, шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру жөніндегі қолданыстағы пилот жобаның мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленген.

"2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның шетелдегі мекемелері шетел азаматтарына ЖСН бермейді", – делінген елшілік хабарламасында.

Сонымен қатар, Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органдары шетелдіктер үшін eResidency бағдарламасын енгізді. Бұл бағдарлама Қазақстанға келмей-ақ, мемлекеттік қызметтер мен сервистерді онлайн форматта алуға мүмкіндік береді. Соның ішінде ЖСН көрсетілген цифрлық ID-картаны рәсімдеу қарастырылған.

"Бағдарлама шетел азаматтарына Қазақстанда ресми цифрлық мәртебе алуға жол ашады, бұл елдің бизнес мүмкіндіктері мен онлайн сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді", – деп хабарлады елшілікте.

Атап айтқанда, бағдарлама мыналарды қамтиды:

ЖСН-і бар цифрлық ID-карта алу;
қор нарықтарына, криптобиржаларға қол жеткізу, Қазақстан нөмірі бар eSIM рәсімдеу;
электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) және сақтандыру қызметтерін рәсімдеу;
Қазақстан карталарын пайдалана отырып, банк шоттарын онлайн ашу;
салық резиденттігін алу мүмкіндігі және барлық төлем сервистеріне эквайринг қосу.

Шетел азаматтарына ЖСН алу мәселесі бойынша eresidency.gov.kz ресми сайтына жүгіну ұсынылады. Онда барлық толық ақпарат берілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus