Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бойдақтарға жағымды өзгерістер болмақ: нумеролог 2026 жылға болжам айтты

2026 жыл - Жылқы жылы. Нумеролог Құралай Бақыт Jibek Joly телеарнасының "Bugin LIVE" бағдарламасында бұл жыл қоғамға да, адам өміріне де тың серпін әкелуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Маманның сөзінше, 2026 жылдың саны - 1. Ал "1" жаңа бастаманы, алға қадам басуды, қозғалысты білдіреді. Сондықтан келесі жылы адамдар тәуекелге жиірек барып, шешімді тез қабылдауға бейім болады. Нумеролог 2026 жылды шартты түрде ғылым, спорт және IT салаларының жылы деуге болатынын атап өтті: автоматтандыру, жасанды интеллект, логикаға негізделген бағыттар қарқын алып дамиды.
Сонымен қатар, Құралай Бақыт 2026 жылдың стихиясы от екенін айтты. Бұл - жылдамдық пен ірі өзгерістердің белгісі. Сол себепті әлемде де, Қазақстанда да түрлі үдерістер ширақ әрі қарқынды жүруі ықтимал. Егер 2025 жылы шығармашылық пен шоу-бизнес белсенді болса, 2026 жылы спорт пен денсаулық алдыңғы орынға шығады.
Нумерологтың пікірінше, көпшілік дұрыс тамақтануға, спортқа, жалпы денсаулыққа көбірек мән бере бастайды - бұл жылдың басты плюстарының бірі.
Ол жылдың екінші жартысы отбасы құруға қолайлы екенін, ал алғашқы айларда асығыс шешім қабылдамау керегін ескертті. Бойдақтар үшін 2026 жыл жеке өмірде жағымды өзгерістер әкелуі мүмкін.
Айлар бойынша болжамы да бар:

Қаңтар–ақпан - медициналық тексеруден өтуге ыңғайлы;
Наурыз, сәуір, тамыз - үй алуға қолайлы кезең;
Мамыр - білім мен оқуға инвестиция салуға жақсы уақыт.

Туған жылдарының соңғы санына қарай нумеролог мынадай жорамал ұсынды:

6–7-мен аяқталатын жылдары туғандар үшін махаббат, отбасы және мансап үйлесім табады;2–3-пен аяқталатындар үшін табыс артып, ірі сатып алулар жасауға қолайлы;0–1-мен аяқталатындар үшін рухани ізденіс күшейіп, денсаулыққа көбірек көңіл бөлу қажет;4–5-пен аяқталатындар үшін қозғалыс, сапар көбейеді;8–9-бен аяқталатындар үшін жаңа бастамаларға жол ашылады.

Құралай Бақыттың айтуынша, 2026 жылдың түсі де от стихиясына сай - қызыл.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus