Астанада түнгі клубтың маңында 18 жастағы жігіт пышақ жарақатынын қаза болды
Әлеуметтік желілерде Астанадағы түнгі клубтардың бірінің маңында болған төбелес салдарынан 18 жастағы жігіттің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға туралы Threads-те жарияланған. Пайдаланушылардың айтуынша, ойын-сауық мекемесінің жанында жігітті пышақтап кеткен.
Tengrinews.kz сауалына жауап берген полиция баспасөз қызметі бұл дерек бойынша адам өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бабы бойынша соталды тергеу басталғанын мәлімдеді.
"Полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстады, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Түнгі клубтардың бірінің жанында жастар арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқаны анықталды. Соның салдарынан 18 жастағы азамат алған жарақаттарынан көз жұмды", - деп хабарлады Астана Полиция департаменті.
Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!