Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевтің тапсырмасымен мердігер ұйымның құрылтайшысы ұсталды

Қырғызстанда жол салу кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен "Кыргыз жол курулуш" компаниясының құрылтайшысы Мирлан Исағалиев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Тиісті тапсырманы бір күн бұрын елдің ҰҚМК төрағасы Қамшыбек Ташиев көпшілік алдында берген.
Ыстықкөл облысына жұмыс сапары барысында Ташиев өңірдің оңтүстік бөлігіндегі автожол құрылысына қатысты жиын өткізді. Ол ұзындығы 141 шақырым болатын жолды жөндеу жұмыстарының барысын сынға алып, бұл жұмыс 2021 жылы басталғанымен әлі күнге дейін аяқталмағанын айтты. Жауапты басшылар мен мердігерлерге қатаң ескерту жасалды.

"2021 жылы сіздер 798 мың долларлық келісімшарт жасадыңыздар, алайда қазір құрылыстың құны 1,3–1,4 миллион долларға дейін көтерілді. Жұмыс белгіленген мерзімде аяқталмаған! Ұйымдастыру жағының өте нашар екені байқалады. Мемлекеттік қадағалау да жеткіліксіз. Сондықтан жол-құрылыс жұмыстарын жеке бақылауыма аламын. Егер уақтылы әрі сапалы бітірмесеңіздер, тиісті тараптар жауапкершілікке тартылады. Қатаң жазаланасыздар", - деп шенеуніктер мен мердігерлерді арнайы қызмет басшысы қатаң сөкті.

Сондай-ақ, ол "Балықчы - Боконбаево - Қаракөл" тасжолының бір бөлігін жөндеуді белгіленген мерзімде орындамағаны үшін "Кыргыз жол курулуш" компаниясының негізін қалаушы Мирлан Исағалиевті қамауға алуды тапсырған.
БАҚ мәліметінше, бұдан кейін Исағалиев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу нұсқасына сәйкес, оның мердігер ұйымы келісімшарт талаптарын орындамаған, мерзімдерді және құрылыс жұмыстарының техникалық нормаларын бұзған, соның салдарынан республикалық маңызы бар жол құрылысы уақтылы аяқталмаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus