ІІМ қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес жүргізу бағытында жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, басқару және оларға қатысу деректері бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тіркелді, соның ішінде 13-і трансұлттық қылмыстық топтарға қатысты. Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 600-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылған.
“Халықаралық іздестіруде болған ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі, яғни “қылмыс әлемінің беделділері” ұсталды. Жақын шет елдерден келген алты “заңдағы ұрының” Қазақстан аумағында болуының алдын алынды”, - делінген хабарламада.
Бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасаған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылған.
Бопсалау деректері бойынша барлығы 1300-ден астам қылмыстық іс қозғалды. 400-ден астам адам саудасымен байланысты қылмыстар анықталды.
“Министрлік ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті жалғастырады және бұл бағытта нақты шаралар қабылданатын болады”, – деді ведомство өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!